ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған қаланың сүйікті орындары балалар шығармашылығында
16-11-2017 04:15
Туған қаланың сүйікті орындары  балалар шығармашылығында

«Рухани жаңғыру» және «Туған жер»  бағдарламалары шеңберінде Павлодар қаласы  № 1 Балалалар көркемсурет мектебі -  ЮНЕСКО клубында  Павлодар қаласының білім беру бөлімінің қолдауымен 2017 жылының. 10 қарашасында  ХVI  «Ақ бота» балалар бейнелеу шығармашылығы сайысы өткізілді. Оның мақсаты - балалардың туған жеріне, қаласына, еліне деген сүйіспеншілік қалыптастыру.

Сайысқа облыс аудандарынан, қалаларынан 200-ге жуық бала қатысты.  «Менің қаламның сүйікті жерлері» болып конкурс тақырыбы тағайындалды. 24 мектептен (№ 39, 15, 22, 41, 27, 5, 11, 12, 9, 33, 43, 7, 42, 34, 30, 28, 6, 23, 24, 29 ЖОМ, № 8 лицей, Павлодар қаласының № 3 гимназия, Аксу қаласының  № 8 ЖОМ, Павлодар ауданындағы Ефремов ЖОМ),  11 қосымша білім беру мекемесінен (№ 1, № 2 Балалар көркемсурет мектептері,  № 2 Балалар музыкалық мектеп, «Жігер» балалар жас өспірім клубы, Балалар-жастар экология және туризм орталығы, Павлодар қаласының М.Катаев атындағы оқушылар Сарайы,Екібастұз қаласының  Балалар көркемсурет мектебі, Ақсу қаласының Балалар өнер мектебі, Баянауыл ауданының Майқайын Балалар өнер мектебі, Ақтоғай ауданының Балалар өнер мектебі, дарынды балалар музыкалық мектеп-интернаты) 180 оқушы  өз суреттерін жіберген.

Жеңімпаздардың жұмыстарын іріктеу және бағалау кезінде қатысушылардың жастары мен  олардың кәсіби  дайындық  деңгейі ескерілді. Орындар 3 жас категорияларда және 2 дайындық деңгейлерде бөлінді.

Сайыс нәтижелері бойынша гран-при жүлдесімен  Плахотнюк Алиса, 13 жаста, « Көше шығармашылығы» суреті үшін марапатталды (№ 1 БКСМ).

I орынды    Қаршыға Думан, 8 жаста «Геринг көшесі 76/2» суреті үшін (№ 12 ЖОМ), Ибрагимова Зарина, 7 жаста «Мәңгілік оттың жанында» суреті үшін (№ 1 БКСМ), Никитина Юлия, 13 жаста, «Театр сквері» суреті үшін (№ 39 ЖОМ), Литау Милана, 10 жаста «Местная достопримечательность» жұмысы үшін (№ 2 БММ), Осинина Настя, 15 жаста «Түңгі жағалаудың қиялы» суреті үшін ( № 5 ЖОМ), Красильникова Александраға, 15  жаста «Ескі қала» суреті үшін (№ 1 БКСМ) берілді.

II орынды   Таттібаева Томирис  8 жаста,  «Менің сүйікті үйім» суреті үшін, (№ 22 ЖОМ), Жеңісова Нурай, 9 жаста «Мұз айдында» (Екібастұз қаласының БКСМ), Новокрещенная Анастасия, 12 жаста «Жағалау» суреті үшін  (№ 42 ЖОМ), Биарстанова Анель, 13 жаста «Мешіт» суреті үшін (№ 2 БКСМ), Братмайер Ангелина, 15 жаста «Менің қаламның жаңа құрылыстары» суреті үшін (№ 24 ЖОМ), Жүсіпова Аружан, 16 жаста «Аула» суреті үшін  (Екібастұз қаласының БКСМ) алды.

III орынды  Кали Жания, 8 жаста «Менің мектебім» (Дарынды балалар БММ), Юрасова Милана, 9 жаста «Туған калам» жұмысы үшін («Жігер» БЖК,  «Сауран» бөлімі), Ермолаева Николь, 10 жаста «Қала бақшасында» суреті үшін (№ 8 мектеп-лицейі), Аманжол Айдана, 11 жаста  «Туған қалам Ақсу» суреті үшін (Аксу қаласының БӨМ), Головина Арина, 14 жаста «Орындық» (43 ЖОМ), Илиязова Альмира, 14 жаста «Павлодар» суреті үшін (Майқайын БӨМ) алды.

Суретші Ғалым Қаржасов атындағы арнайы жүлдені Моисей Юлия, 16 жаста «Сүйікті кафе» суреті үшін алды (№ 1 БКСМ).

Ынталандыру сыйлықтары мен дипломдарға Студеникина Анастасия (№ 2 БКСМ), Давыдов Александр, Шакуова Лейла, Бакалу Аурика, Бекбай Карина, Полянцева Ангелина, Илларионова Анастасия,Солодченко Максим, Тасанбаева Анна, Шевченко Александра, Лезина Дарья, Леоненко Степан (№ 1 БКСМ), Қаршыға Дина (№ 12 ЖОМ), Коряк Дарья («Жігер» БЖК), Оскембаева Сабина (оқушылар Сарайы), Халиулина Виолетта (№ 43 ЖОМ, Горбунова Алина, Жеңіс Камила (Екібастұз қаласының БКСМ), Серикбай Алия, Болотова Регина (Ақтоғай ауданы БӨМ) ие болды.