ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Табысты менеджер - 2017» облыстық конкурсының жеңімпазы
17-11-2017 04:40
«Табысты менеджер - 2017» облыстық конкурсының жеңімпазы

«Табысты менеджер - 2017» республикалық конкурсының облыстық кезеңі Павлодар қаласындағы №34 ЖОМ-да 14 - 15 қарашада өтті. Конкурсқа облыстың жалпы білім беру ұйымдарының 11 басшысы қатысты.  Конкурс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінің директоры Татьяна Алексеевна Мигунова марапатталып, республикалық конкурстың ақтық мәресене жолдама алды.

Қатысушылар өз жұмыстарының нәтижелілігін, «Мен - табысты басшымын» интербелсенді презентациясының жеке және кәсіби сапаларын ұсынды, «Заманауи басшы: табыс формуласы» тақырыбындағы эсседе білім беру ұйымын басқарудағы өз көзқарастарын білдірді, «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» жобасын және әдістемелік көрмені презентациялады, басқару жағдаяттарын шешудегі өз кәсібиліктерін көрсетті. Конкурстың әр қатысушысы басқарудағы жетістіктері туралы бейнеролик дайындады. YouTube желісінде электронды дауыс беру жалғасын табуда, оның нәтижелері республикалық сатыда қорытынды шығарарда ескеріледі.

№ 16 ЖОМ-ның бейнеролигін 12 мыңнан астам желі қолданушылары қараған, аталмыш ролик 2800 лүпіл жинаған. Дауыс беру жалғасуда.

Барлық қатысушыларға «Табысты менеджер - 2017» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қатысушысы сертификаттары табысталды. Үздік материалдар Алматы қаласында 7 - 8 желтоқсанда өтетін республикалық конкурстың ұйымдастыру комитетіне жолданатын болады.