kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3119889
Бір айда239870
Бір аптада49583
Кеше8430
Тәулік6177
Жалпы білім беру пәндері бойынша қалалық олимпиаданы өткізу туралы
17-11-2017 11:37

Өткізу күні мен уақыты: I кезең 7 - 8 желтоқсан 2017 жыл II кезең 5 - 6 қаңтар 2018 жыл.
Өткізу орны: Павлодар қаласы № 16 лицей-мектебі (Айманов көшесі, 51).
Өткізу уақыты: 9.00 сағат.
Ұйымдастырушылар: Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы».
8, 9, 10, 11сынып оқушыларына арналған жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиада екі бағыт бойынша екі кезеңмен өтеді:
жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, физика, химия, биология, география);
жалпы-гуманитарлық (қазақ тілі және әдебиет,қазақ тілі және әдебиет орыс тілінде оқитын мектептерде, орыс тілі және әдебиет қазақ тілінде оқитын мектептерде, Қазақстан тарихы,құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі).
Мақсаты - шығармашылық қабілетін дамыту,оқушылардың практикалық іскерлігін және теориялық білімдерін тереңдету, жеке тұлғаның өзін өзі жүзеге асыруға көмектесу, дарынды балаларды айқындау үшін жағдай туғызу,халықаралық олимпиадаға қатысуға оқушыларды дайындау және іріктеу, білім мәртебесін көтеру.
Көп ұпай жинаған қатысушылар, олимпиаданың облыстық турына өтеді.
Тел. 627209

Павлодар қаласы білім беру бөлімі