ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру
20-11-2017 05:07
Ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру

Павлодар қаласының № 40 ЖОМ үш жыл бойы Ақмола облысы білім беру басқармасының және Көкшетау қаласындағы «Мектеп» білім беру ұйымы жұмыскерлерінің Ассоциациясы» Қоғамдық бірлестігінің инклюзивті білім беруді дамыту бойынша үйлестіруші кеңесімен әзірленген республикалық «Жалпы білім беру мектептері тәжірибесіне инклюзивті және интеграцияланған білім беруді енгізу»  жобасының серіктес-мектебі болып табылады. Аталған жобаның аясында № 40 ЖОМ-інде тарихи отанына қоңыс аударған отбасылар балалары, тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған (БЦП) мүгедек-балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, коррекция сыныптарының оқушылары білім алады.

2017 жылғы қазан айында мектеп педагогтары жұмыс тәжірибесімен алмасу шеңберінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тындаушыларына арналған облыстық семинар өткізді. Семинар тындаушылары танымдық саласының диагностикасы және коррекциясы, тұлғалық  ерекшеліктері,   эмоциялық-жігерлі саланың коррекциясы жүргізілетін әрбір санаттың балаларына сәйкес, мектептің психологиялық-педагогикалық жетекшілікті қызметінің жұмысымен, әр баланың жеке жоспар-маршрутымен танысты. Семинар қатысушыларына коррекциялық-дамытушы кабинетінде арт-терапиядан сабақтар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар ішінара интеграциялы балаларымен жалпы білім беру сыныптарында сабақтар ұсынылды.

Мектепте оқушыларға сыныпта қарапайым балалармен айналысу үшін, қашықтықтан (үйде оқыту), психологпен, логопедпен коррекциялық сабақтарға бару үшін жағдай жасалған. Балалар церебралды параличті мүгедек-балалар сабақтарға анасы және әлеуметтік педагогпен бірге қатысады. Денсаулық мүмкіндігі шектеулі оқушыларымен параллель, сабақтан тыс уақытта шығармашылық үйірмелері мен спорттық секцияларында айналысады. Мектептің мүгедек-балалары қалалық, облыстық және республикалық сайыстарға қатысады. Мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар 70 балаға арналған заманауи жабдықпен қамтылған оқу кабинеттері, арнайы оқушы жиһазы, екі пандус, сигналдық белгісі, мектеп ғимаратына кедергісіз кіру және ұсақ қол моторикасын дамытуға және әлеуметтендіруге арналған коррекциялық-дамытушы кабинеттері бар.

«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру еліміздің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Біз әр балаға, оның қажеттіліктері мен өзге де жағдайларына тәуелсіз өз әлеуетін толық жүзеге асыруға, қоғамға пайдасын тигізуге және оның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік беруіміз қажет», - деді мектеп директоры Любовь Владимировна Задубняк.