ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңартылған білім беру мазмұны
21-11-2017 04:51
Жаңартылған білім беру мазмұны

2017 жылғы 17 қараша күні № 34 ЖОМ негізінде жас директор орынбасары мектебінің отырысы өтті. Павлодар қаласының 30 астам директор орынбасарлары қатысты.

Бұл отырыста жаңартылған білім беру мазмұнына көшу бойынша сұрақтар талқыланды. Тыңдаушылар алдында мектептің директор орынбасарлары нормативтік-құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету сұрағы бойынша Т. А. Савченко, мектепішілік  үйлестіруші қызметінің ұйымдастырылуы - Н. А. Устина, білікті ұстаздары Н. А. Еленич, Т. Б. Савченко, әдістеме бірлестігінің жетекшілері - критериалды бағалау бойынша сөз сөйледі. Мектепішілік бақылау, жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу бойынша әдістемелік көмек, әдістемелік бірлестіктері және педагогтердің желілік қоғамдастықтарының жұмыс жоспары ұсынылып, ұсыныстар берілді. 2 жартыжылдықта 5, 7 - сыныптардағы ашық  сабақтардың талдаулары бойынша практикум өткізуге шешім шығарылды.

Барлық материалдар мектеп сайтында орналастырылды. Көмек көрсету үшін тыңдаушылардың сұранысы бойынша виртуалды қабылдау, электронды дайджест жұмыс істейді.  Мектеп отырысы ай сайын өткізіледі.