ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогтердің жұмыс сараптамасы
23-11-2017 05:06
Педагогтердің жұмыс сараптамасы

Павлодар қаласы білім беру бөлімі педагог кадрлардың аттестациясын ұйымдастыру және сапалы өтуі бойынша жұмыс жоспарын өткізуде.  Аттестацияның негізгі принциптері - аттестатталушының тұлғалық ұстанымдары, шешімдерінің ашықтығы және ұжымдығы, педагогикалық жұмыс нәтижелігі.

Бірінші жартыжылдық барысында білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті білім беру ұйымдарының басшыларымен педагог қызметкерлердің аттестация ережелері, оған дайындық жұмыстары туралы түсінік берді. Санатты дәлелдеу, алуға өтініш берген мұғалімдерге жеке және топтық кеңестер берілді, семинар, ашық сабақ, шығармашылық зертхана, мастер-класстарды дайындауға және өткізуге  көмек берілді. Аталмыш жұмыс барысында құрамында тәжірибелі және жас педагогтар, тәрбие және білімді дамытудың облыстық инновациондық орталығының,  қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері, қалалық пәндік әдістемелік бірлестік пен шығармашықы топ жетекшілері бар қалақы сараптаушы комиссия жұмыс жасайды.

Мұғалімнің кәсіби өсуі мен шығармашылық деңгейінің артуы мақсатында жұмыстың сараптамасы шығармашылық бағытта жұмыс істейтін педагогтардың тәжірибесіндегі жаңа бағыттарды айқындайды. Алғашқы 2  айда қаламыздың 31 мектептерінен жоғары және бірінші санатқа аттестатталатын 254 мұғалім өздерінің тәжірибелерімен, жұмыстарымен қалалық және облыстық шараларда ұсынды. Олар 49 облыстық және қалалық семинар, 181 ашық сабақтар, 22 мастер-класстар, 2 коучинг берді.