ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Чехиядағы Халықаралық суреттер сайысының лауреаттары
24-11-2017 08:40
Чехиядағы Халықаралық суреттер сайысының лауреаттары

Павлодар  қаласының № 2  Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары Чехиядағы Лидице ауылындағы 45-ші Халықаралық  «Саяхат»  көркем туындысы   көрмесіне қатысты. Сайыс-көрмесіне мектеп оқушылардың 31 суреті жіберілді.

45-ші көрменің экспозициясы  2017 жылдың 30 қарашасына дейін Лидице галереясында  өтеді. № 2 көркемсурет мектебінің оқушылары  8 жастағы Попик Аннаның  «Екі құрбы» және 10 жастағы Нуркина Ажардың  «Жас жүзгіштер» екі жұмысы  қорытынды көрме құрамына кірді.  Лауреаттардың жұмыстары  гуаш бояуларымен кестелі сурет мәнерінде орындалған, сайыс қатысушыларын сурет педагогі, мектеп басшысы   Герусова Наталья Васильевна дайындады.

Сайыс 1967 жылы құрылған және Лидице чех ауылындағы немістер  өлтірген балар, және  соғыста қаза тапқан  тағыда басқа балалар естелігіне арналған. Басында көрме ұлттық болып танылды, кейін  ол туралы барлық ел таныды. 1973 жылы сайыс  Халықаралық мәртебе алды, содан бері жыл сайын 70 шақты әлемнің әр-түрлі елдері қатысады. 2017 жылы ең үздік суретші-балаларды салтанатты марапаттауға Чех Республикасының 23 елшілігінің өкілдері және елшілері қатысты.