ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ертіс маңының білімпаздары
24-11-2017 17:51
Ертіс маңының білімпаздары

2017 жылғы 24 қарашада Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында «Менің Отаным - Қазақстан» ХVІІ аймақтық оқушылар ғылыми тәжірибелік конференциясының 5-күндік жұмысы тәмамдалды.

Конференция жұмысына Павлодар, Ақсу қалалары, Павлодар ауданының жалпы орта білім беру мектептері, мектептен тыс мекемелері 3-11 сыныптарының 118 оқушылары қатысты.

Жобаларды қорғау 5 бағыт бойынша өтті: «Біз және экология», «Зерттеу жұмысы», «Өз өлкеңді танып біл», «Тарих бесігі - мұражай», «Ғылымға бастапқы қадам».

Әділ қазылар алқасының құрамында «Өрлеу» БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институты, Инновациялық Еуразиялық университетінің оқытушылары, қалалық жалпы орта білім беру мектептері мен қосымша білім беру мекемелерінің ұстаздары жұмыс атқарды.

Павлодар қаласының № 9, 11, 17, 20, 21, 27, 28, 29, 30, 31, 33, 34, 35, 36, 39, 40, 41 жалпы орта білім беру мектептері, Павлодар қаласы отбасылық үлгідегі балалар ауылы, Ақсу қаласының №1 ЖОБМ, Еңбек ЖОМ, Жас натуралистер стансасы, Павлодар ауданының Жетекші ЖОБМ, Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының оқушылары конференцияға белсене қатысты.
Конференция жеңімпаздар мен жүлдегерлері - грамоталар, барлық қатысушылар - аталымдар бойынша грамоталармен, жетекшілері - конференция жүлдегерлері мен қатысушыларының дайындығы үшін алғыс хаттарымен марапатталды.
«Біз және экология» секциясында І орынды «Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру» жобасымен № 35 ЖОМ оқушысы Айдос Кобланды иеленді, ІІ орынды «Вторая жизнь старых газет» жұмысы үшін Ольга Воробьева, № 40 ЖОМ оқушысы, «Влияние прищипки на рост и развитие цветочно-декоративных растений на примере тагетеса» жобасы үшін Павлодар қаласы экология және туризм орталығының тәрбиеленушісі Василя Мусина иеленді, ІІІ орынды «Мед - источник витаминов. Миф или реальность» жұмысымен Руслан Хисамутдинов (№ 9 ЖОМГ), «Проблема мусора в Павлодаре» жобасы үшін Фарида Рашитова (Павлодар қаласы отбасылық үлгідегі балалар ауылы), «Птицы - наши пернатые друзья» жұмысымен - Влад Зяблицев (Павлодар қаласы экология және туризм орталығы) иеленді.

«Зерттеу жұмысы» секциясында І орынды «Влияние внешних факторов на яйценоскость кур» жобасымен № 39 ЖОМ оқушысы Батыржан Байтубаев, ІІ орынды «Родословная моей семьи» жұмысы үшін Ақсу қаласы жас натуралистер стансасының оқушысы Валерия Малыгина, «Влияние фитонцидов лука и чеснока на развитие грибов» жобасымен № 9 ЖОМГ оқушысы Жантемир Актаев иеленді, ІІІ орынды «Структурированная фильтрация воды» жұмысы үшін Максат Токтарбеков (№ 40 ЖОМ), «Ертіс өзені маңында таралған Астерлер тұқымдасының түрлік құрамы және кейбір түрлерінің вегетативтік мүшелерінің морфологиялық-анатомиялық құрылыс ерекшеліктері» жобасымен Даяна Балпекова (№ 33 ЖОМ) иеленді.

«Өз өлкеңді танып біл» секциясында І орынды «Поход І категории сложности по Северному Тянь-Шаню» жобасы үшін экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері - Артемов Никита, Кадеев Рамиль иеленді, ІІ орынды «Картоп шаруашылығы біздің өлкеде және математикада» жұмысымен Нұрдәулет Шайзада (Еңбек ЖОМ), «История асыков» жобасы үшін № 9 ЖОМГ оқушысы Алина Соболевская иеленді, ІІІ орынды «Исследование деградации береговой линии палентологического памятника «Гусиный перелет»» жұмысымен Виктория Иванова, Анастасия Иванова (№ 11 ЖОМ), «Микрорайон СОШ № 31 поселка Ленинский: проблемы и решения» жобасы үшін Екатерина Можгина (№ 31 ЖОМ), «Экологическая тропа в пойме реки Иртыш» жұмысымен Малика Кусаинова (№ 30 ЖОМ) иеленді.

«Тарих бесігі - мұражай» секциясында І орынды «С чего начинается Родина?» жобасы үшін № 39 ЖОМ оқушысы Варвара Тузовская, «Древние хоботные животные Павлодарского Приртышья» жұмысымен № 9 ЖОМГ оқушысы - Алина Алиясова иеленді, ІІ орынды «История моей семьи» жобасымен № 39 ЖОМ оқушысы - Ярослав Кирющенко иеленді, ІІІ орынды «Музей как основа духовного возрождения и дорога в историю края в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру»» жұмысы үшін Зарина Ахметзянова, Ангелина Кравченко (№ 9 ЖОМГ) иеленді.

«Ғылымға бастапқы қадам» секциясында І орынды «Изготовление дизайнерского картона» жобасымен № 41 ЖОБМ оқушысы - Азалия Биянова, «Альтернативный способ выращивания овощных культур в домашних условиях» жұмысы үшін Аргын Имангулов (№ 9 ЖОМГ) иеленді, ІІ орынды «Тайна фантиков» жобасымен № 28 ЖОМ оқушысы - Валерия Хохлова, «Ақсу өңірінің пайдалы өсімдіктері» жұмысы үшін Ақсу қаласы № 1 ЖОМ оқушылары - Марал Наурызбаева және Рабига Бавархан, «Какую роль играют дождевые черви в повышении плодородия почвы» жобасымен Нуршат Арын (№ 9 ЖОМГ) иеленді, ІІІ орынды «Антиквариат своими руками» жұмысы үшін № 40 ЖОМ оқушысы - Арина Продан, «Тайны конфетного фантика» жобасымен - Аяна Саламбекова (№ 39 ЖОМ), «Сән әлемі өндірісінің экологиямен тіл табысу мүмкіндігі» жұмысы үшін № 30 ЖОМ оқушысы - Алия Каиржан, «Зачем нужны трамваи» жобасымен Нуралы Арын (№ 39 ЖОМ) иеленді.
Бірінші орындарды иеленген жұмыстар «Ұлы Дала Елі» туристік экспедициялық жасақтарының Республикалық слеті және «Қазақстан - менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумына қатысуға ұсынылды.