ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балдәуренде қонақта филармония «Тәуелсіздік тұғыры» мерекелік концертпен
27-11-2017 11:58
Балдәуренде қонақта филармония «Тәуелсіздік тұғыры» мерекелік концертпен

   «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында «Менің бастамаларым-менің Отаныма» атты 7 ауысым басталды. 2017 жылдың 24 қарашасында достастық бастамалардың алғашқылары болып Тұңғыш Президент Күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған «Тәуелсіздік тұғыры» атты мерекелік концертпен оқушыларға Иса Байзақов атындағы облыстық филармония келді.

        Оқушылар филармония әншілерін қызығушылықпен тыңдады. Бір сағат ішінде әртістер эстрадалық және халық әндерімен алмасып отырған классикалық және қазіргі заманғы шығармаларды орындады. Концертте халықаралық конкурстардың лауреаты Талғат Кәден, Тұманбай Молдағали атындағы республикалық конкурстың лауреаты Жібек Айтпаева, облыстық филармония әншілері Әнел Қанатова, Бауржан Ахметов, Наталья Процкая, Руслан Жұмабаев ән шырқады. Наталья Процкаяның орындауында  Латиф Хамидидің «Вальс о весне» және «Титаник» кинофильмінен Дж. Хорнердің «My Heart Will Go Оn» әндері шырқалды.

       Орталық балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өнерге баулу мақсатында филармониямен ары қарай ынтымақтасады.