ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас зерттеушілер - ғылым болашағы
28-11-2017 06:46
Жас зерттеушілер - ғылым болашағы

Оқушылардың ғылыми-зерттеу және зияткерлік шығармашылығын дамыту мақсатында 2017 жылғы 24 қарашада Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында 8 - 11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Биылғы жылы іс-шараға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері - 349 оқушы 16 секция бойынша.

Ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы бойынша Павлодар қаласы «Қалалар арасындағы оқушылардың үздік ғылыми қоғамы» номинациясына ие болды. 8 - 11 сынып оқушылар арасында қала оқушылары 19 жоба (химия, биология,  физика, информатика, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау, тарих, өлкетану және тіл білімі) бойынша 20 жүлделі орын алды.

І орын иегері атағы  № 16 ЖОМ 9 сынып оқушысы Мельник Софияға, № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Садартинова Рахимаға, Бектемирова Айданаға, № 37 ЖОМ 11 сынып оқушысы Шотова Аидаға, № 41 ЖОМ 11 сынып оқушысы  Темирханова Динаға берілді.

ІІ орын иегерлері 8 сынып оқушысы Минин Дмитрий (№ 28 ЖОМ), Маратова Нурай (№ 37 ЖОМ), Жетекші ЖОМ 9 сынып оқушысы  Сидоренко Елизавета, № 35 ЖОМ 10 сынып оқушысы Аскарова Мариям, № 37 ЖОМ 11 сынып оқушысы Серекпаева Лаура.

ІІІ орынға ие болған 8 сынып оқушысы Кенжетаева Айымгул (№ 25 ЖОМ), Қарағул Ақжан (№ 32 НОМ), 9 сынып оқушысы  Узканова Маргарита (№ 13 ЖОМ), Свидерский Илья (№20 ЖОМ), Медеу Әлішер (№ 25 ЖОМ), Шумакова Майя (№ 34 ЖОМ), КобландыАйдос (№ 35 ЖОМ), Прокопцева Анастасия (№36 ЖОМ), 10 сынып оқушысы Бергенова Аружан (№ 25 ЖОМ), Ивонин Илья  (№ 36 ЖОМ).

Облыстық кезең жүлдегерлері - 9 - 11 сынып оқушылары 2017 жылғы 5 желтоқсанда жалпы орта білім беру пәндерінен тестілеуге қатысады. Осы тестілеу қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы жобалар республикалық конкурсқа қатысу үшін алдын ала сараптамаға жіберіледі.