ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Қазақстан болашағы біздің қолымызда» жастар патриоттық форумы
29-11-2017 05:45
«Қазақстан болашағы біздің қолымызда» жастар патриоттық форумы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазақстан болашағы біздің қолымызда» VI  мектептік жастар Форумы
2017 жылғы 28 қараша күні «Павлодар қаласының № 24 жалпы орта білім беру мектебі» ММ-де өткізілді. Мақсаты - патриоттық тәрбие беру, олардың патриоттық сезімді, белсенді өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру.

Форумға «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының Бірінші орынбасары, қалалық маслихаттың депутаты Илья Сергеевич Теренченко, қалалық білім беру бөлімінің бас маманы Сагындык Сембаевич Шакенов, Павлодар қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының басшысы Сабира Шакеновна Сеитова, Қазақстан кәрістері қауымдастығының Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Раиса Самсоновна Афанасьева, мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Николай Васильевич Москалец, мектептің ата-аналар комитеті төрағасының орынбасарлары Илья Юрьевич Федоров және Галия Социаловна Ахметова, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері қауымдастығының төрағасы Рамиль Смаилов, ата-аналар, педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды.

Форумда педагогтар, 8 - 11 сынып оқушылары, қонақтар экономиканың, жаңа технологиялардың дамуы, демократияның мықты негіздерінің құрылуы, ұлт бірлігі, бейбіт пен келісім, ғылымның, шығармашылықтың, білім беру саласының, әлеуметтік ортаның дамуы - бұның бәрі тек тәуелсіз Қазақстанда мүмкін деп ерекше атап өтті. Форум барысында өлеңдер оқылды, «Молодежь - это мы - будущее страны!» ұраны айтылды, форумның қатысушылары бір дауыспен ұрандады.

Тұңғыш Президент күніне арналған шарада марапаттау рәсімі өтті және қол жеткізген табыстары мен жетістіктері үшін мектептік өзін-өзі басқару органының белсенділері, демеушілер, ата-аналар, педагогтар марапатталды.