ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Асық ойынының жеңімпаздары
29-11-2017 05:48
Асық ойынының жеңімпаздары

Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында, Тұңғыш Президент күніне орай,  облыстық білім беру басқармасы «Алтын сақа» бастамашыл тобымен бірігіп «Асық ату» ойынынан облыстық турнир финалы  Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 10 лицей-мектебінде өтті. Ұлттық асық ойынын жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау, қазақ  ұлтының салт дәстүрлерін сақтау,  спорттық шеберлікті, мергендікті және ептілік қабілетті қалыптастыру мақсатында өтті.

Сайысқа «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебі, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты, Павлодар қаласының № 35, 12 ЖОМ қатысты. Төрт ер баладан құралған  команда сынға түсті. Жарыс «Шаршыдағы асық ату» асық  ойынының ережелері бойынша өткізілді.

Командалар қырағылық, ептілік, жылдамдық машықтарын көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша I орынды Павлодар қаласының № 35 ЖОМ иеленді. Команда құрамында 7 - 8 сынып оқушылары Қайролла Мағжан, Бекбай Бекболат, Бекбай Бекбосын, Қалкеш Ерсұлтан қатысты. «Шертудің шебері» аталымына  8 сынып оқушысы Қайролла Мағжан ие болды. Жеңімпаздар дипломдар және арнайы  сыйлықтармен марапатталды. Барлық сайысқа қатысушыларға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды. Команда жаттықтырушысы дене шынықтыру мұғалімі Думан Бекмұхамбетұлы Байжырықов «Тұңғыш Президент күні қарсаңында осы жүлделі орынға ие болғанымызға өте қуаныштымыз» деп қуанышын жеткізді.