Жыл сайын қараша айынының 25-нен желтоқсанның 10-на дейін «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Халықаралық акциясы өтеді.
27-ші қарашада аталмыш акция аясында Балдәурен орталығын Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметінің басшысы Ж. Д. Айтмұхамбет, Павлодар облысы ІІБ-нің ювеналды полициясының аға инспекторы Ж. К. Билялованың басқаруымен ювеналды полиция инспекторлары және дағдарыс орталығының психологы А. К. Қабылдинова келді.
Акция қарсаңында төменгі сынып оқушылары үшін «Менің отбасым» атты суреттер конкурсы өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша (Саликова Айжан - I орын, Самат Әмірхан - II орын, Граф Вероника - III орын) жеңімпаздар Павлодар облысы ІІБ-нің грамотасымен марапатталды. Балалардың суреттері акция аралығында Павлодар қаласының «Қауіпсіз трамвайларын» безендіреді.
6 - 7 сынып оқушылары үшін дағдарыс орталығының психологы тренингтер, ал ювеналды полиция инспекторлары барлық балалар үшін «Білу міндетті» тақырыбына сынып сағаттарымен лекциялар жүргізді.
«Аталмыш акцияның мақсаты - отбасындағы және әйелдерге деген зорлық-зомбылық көріністеріне қоғамның назарын аудару», - деді Павлодар облысы ІІБ-нің ювеналды полициясының аға инспекторы, полиция подполковнигі Ж. К. Билялова.