ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытындағы біріңғай сынып сағаттары
30-11-2017 06:13
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытындағы біріңғай  сынып сағаттары

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні қарсаңында 2017 жылдың 29 қарашасы күні барлық мектептердің 10 - 11 - сынып оқушыларына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай сабақтар өткізілді. Шараның негізгі мақсаты: жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы тұру деңгейлерін көтеру. Тәрбие сағаттарына оқушылар, ұстаздер және БАҚ өкілдері қатысты.

«Жемқорлыққа жол жоқ!» - бұл өткізілген сынып сағаттарының негізгі ұраны. Бірыңғай сабақ шеңберінде ҚР Президентінің «100 нақты қадам», «2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жарлықтарының жүзеге асу жағдайлары түсіндірілді. Жалпы жемқорлыққа қарсы ел саясатының бағыттары талқыланды.

Сабақ барсында сайыстар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, презентациялар, бейнероликтар көрсетіліп, сыбайлас жемқорлық сынды теріс ұғым туралы жан-жақты жұмыстар жүргізілді.

№ 25 жалпы білім беру мектебінде бейнеролик түріндегі қойылымдар көрсетіліп, осы бағытта ұйымдастырылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шараларымен таныстырды.