kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2980858
Бір айда218690
Бір аптада51338
Кеше7990
Тәулік11428
«Туған жер - алтын бесік» мерекелік концерт
30-11-2017 10:00
«Туған жер - алтын бесік» мерекелік концерт

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде 2017 жылғы 29 қарашада Тұңғыш Президент күніне арналған  «Туған жер - алтын бесік» мерекелік концерті өтті. Концертке қонақтар, мектептің оқушылары, ата-аналар, педагогтар қатысты.

Мерекелік концертті жоғары сынып оқушыларының хоры ашты, жетекшісі Миронец Ксения Владимировна, концертмейстерлері Дмитрий Станиславович Масленников, Александр Александрович Андрющенко. Олардың орындауларында Әліби Әбдінұровтың «Киелі Отан» әні жоғары дәрежеде және салтанатты түрде орындалды, «Чатаннуга Чу-Чу» әні мінсіз шырқалды. «Қоныр саз», «Серпін» домбыра ұжымдары толық музыкалық калейдоскоппен бірін-бірі алмастырды. Олардың орындауларында А. Райымбергеновтың «Секіртпе», К.Ахмедьяровтың «Күткенде» туындылары шырқалды. Музыканттардың жарқын орындаулары, керемет костюмдері сахнада мерекені ерекше түрлендіргендей болды. Концерт жүргізушілері, мектептің тәрбиеленушілері Отан, әлем, халықтар достығы туралы тақпақтар оқыды.

Қазақ және орыс халық аспаптарынан жинақталған оркестірлердің орындауы концерттің шарықтау шегіне айналды, дирижерлері Ермекбаев Куаныш Мейрамович, Кузякин Иван Вячеславович - Нурлан Бакытович Кайшанов ұсынған «Балалар өлеңдері тақырыбындағы поппури», концерт Құрманғазының «Балбырауын» күйін салтанатты орындалуымен аяқталды.

Осындай концерттер патриоттыққа, Отанға, музыкаға деген махаббатқа тәрбиелеуге мүмкіндік береді.