kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3029242
Бір айда108866
Бір аптада18685
Кеше3720
Тәулік278
«Мың бала» республикалық жобасының нәтижесі
05-12-2017 06:45
 «Мың бала» республикалық жобасының нәтижесі

       Астана қаласында «Мың бала» республикалық мәдени – ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Осы жоба жыл сайын балаларға өткізілетін, алғашқы рет педагогтерге арналып өткізілді. Әсемгүл Жиксимбайқызы Уныйбаева, №32 ЖОМ қазақ тілі және әдебиет мұғалімімен «Тіл мектебі» бағдарламасы бойынша қазақ тілін оқытудағы ұсынылған авторлық бағдарламасы республикада ең үздік саналып, Әсемгүл Жиксимбайқызы Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хатымен және планшетпен марапатталды.
 К. Макпалеев атындағы №4 ЖОМ 7 сынып оқушысы Ислам Мальсагов «Эссе» шығармашылық конкурсында Алаш Орданың 100 жылдығына арналған «Кемел елді –кемеңгер қаламгері» эссе мен өлеңдер байқауының жеңімпазы атанып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Павлодар қаласының жоба қатысушылары салтанатты рәсімде ұлттық киімдерде болды.
 Әсемгүл Жиксимбайқызы – «Жыл мұғалімі - 2017» қалалық конкурстың Бас жүлде иегері, қалалық және облыстық пән олимпиадалардың жеңімпазы (2011, 2016 жж..), «Заманауи сабақ -2017» облыстық конкурстың жеңімпазы. Педагогтің оқушылары облыстық «Зерде» орта жастағы оқушылардың ғылыми жобалар және шығармашылық жұмыстар конкурсының жеңімпаздары. (2017), облыстық Махамбет, Мағжан, Мұқағали оқуларының жүлдегерлері.