kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3029227
Бір айда108851
Бір аптада18670
Кеше3720
Тәулік263
Заманауи менеджменттің табысқа жетуі
07-12-2017 08:54
Заманауи менеджменттің табысқа жетуі

     Павлодар қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен білім беру мекемелерінің жас басшыларына кәсіптік жоғарлауына және әдістемелік басшылық көрсетілуі бойынша мақсатты жұмыс жүргізеді. Инновациялық Евразия университетінде жас басшылар мектебінің отырысы өткізілді. Жас басшылар мектебінің жұмысына қаланың жалпы білім беру мектептерінің және мектепке дейінгі ұйымдарының 20 астам жас басшылары қатысты. Отырыстың тақырыбында басқару, өзін – өзі басқару, жаңа білім мазмұнын жүзеге асыру бойынша білім беру мекемелерінің әрекетін жетілдіру мәселелері қарастырылды. Мектеп модераторы А.Р. Бейсембаев ф.ғ.д., ИнеУ проректоры, профессор, Л.И. Кашук э.ғ.к., ИнЕУ доценті болды. Менеджмент, тайм – менеджмент (жұмыста уақытты тиімді пайдалану), басшының кәсіптік сапалары туралы мәселелері қарастырылды. Олар нәтижелікті, тиімділікті, шығармашылықты, көшбасшылық қабілетін, байланыс үрдісін ұйымдастыруды, өзгеру жағдайында жұмыс жасауы, тең болу мәдениеті, қақтығыстарды шешу, ақпаратты өңдеу, стандартты емес басқару шешімдерді қабылдайды, мекемеде ресурстарды бөлу, талдау және өзін-өзі талдау мәдениетін қарастырады.
    Қазіргі кезде жас басшылар педагогикалық қызметкерлердің кәсіптік рөлін қайта қарастыруды талап ететіні туралы түсінді. Бүгін педагог - ол дәстүрлі мағынада мұғалім емес, білім беру жүйесінің жобалаушысы, оқу – тәрбие үрдісінің технологі, зерттеушісі, сарапшысы, сонымен қатар психолог, білім беру жүйесінің сапасын арттыруға бекітілген мектеп басшысы – менеджер, жаңа білім мазмұнын жаңарту жағдайында басқарудағы қабілетті маман.
    ЖБМ отырыстарына қатысқанда, барлық қатысушылары өзінің кәсіптік және жеке өсуінің қажет екендігі туралы сезеді, өздерінің туындаған мәселелеріне теориялық, ақпараттық, әдістемелік, психологиялық қолдауына оң шешімін табады. Отырыстың нәтижесі бойынша тәжірибеде қолдану үшін ұсыныстар және материалдар берілді.