ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Табысты менеджер - 2017» республикалық конкурсындағы жеңіс
08-12-2017 11:15
 «Табысты менеджер - 2017» республикалық конкурсындағы жеңіс

     ҚР 2016-2019 жылдарға арналған білім беру және ғылымды дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылғы 7-8 желтоқсанда Алматы қаласында басшылар арасындағы білім беру мекемелерінің «Табысты менеджер - 2017» республикалық конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және ҚР білім беру ұйымының озық инновациялық менеджерін насихаттау.
Конкурсқа республиканың жалпы білім беру ұйымдарының 12 басшысы қатысты Павлодар қаласының №16 мектеп-лицейінің директоры Татьяна Алексеевна Мигунова І - дәрежелі дипломмен және 200 000 теңге сертификатпен марапатталды.
     6 кезеннен тұратын сайыстың қатысушылар өз жұмысының нәтижелігін, «Мен табысты басшы» интерактивті презентациясында жеке және кәсіптік сапаларын көрсетті, «Заманауи басшы: табыс формуласы» тақырыбындағы эсседе білім беру ұйымдарын басқарудағы өздерінің көзқарасын тұжырымдады. «Табысты білім беру ұйымдарындағы заманауи моделі» жобасын, әдістемелік әзірлемені ұсынды, басқару мәселелерін шешу жолдарын өз кәсібилігімен көрсетті. Конкурстың әр қатысушысы басқарудағы өзінің жетістіктері туралы бейнеролиг дайындады. №16 ЖОМ бейнеролигін 17 800 астам желі қолданушылары қарады, аталмыш ролик 5000 астам лүпіл жинаған.
   «Табысты менеджер - 2017» республикалық конкурсының жүлдегерлері мен номинанттарына дипломдар, грамоталар, сертификаттар және ақшалы сыйақы табысталды.