ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Зияткерлердің қалалық олимпиадасы
11-12-2017 06:47
Зияткерлердің қалалық олимпиадасы

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2017 жылғы 7, 8 желтоқсанда №16 лицей-мектебіндежалпы білім беру пәндері бойынша Павлодар қаласының жалпы отра білім беру мектептерінің 8 - 11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II кезеңі өткізілді. Олимпиада Астана каласының 20 жылдығына арналған іс-шаралардың басталуымен байланысты.

         Мектептің қоғамдық-гуманитарлық  және  жаратылыстану-математикалық 15 жалпы білім беру пәндері бойынша қаланың 41 мектебінен  710  оқушы  тапсырыс берді.

         Ең  көп   команда ұсынған  мектептер: № 39 (54 оқушы), №9 (44 оқушы), № 25 (38 оқушы), № 34 (36 оқушы), № 42 (34 оқушы, қатысушылардың ең көп тапсырыс берген пәндеріағылшын тілі - 108, биология - , география - 72, Қазақстан тарихы  - 70.

         Олимпиаданың салтанатты жабылуы 10 желтоқсанда Естай атындағы ҚМС өткізілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша 351 оқушы жеңімпаз атанды, оның ішінде  І орын - 71, ІІ орын - 107, ІІІ орын - 173.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар мен білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаздарды дайындаған педагогтер арасында 3 мектеп директоры: А.Т.Текжанова (№ 30 ЖОМ), Г. Р. Қыстаубаева (№ 33 ЖОМ), Л. Б.Жүсіпова (№ 37 ЖОМ).

Олимпиада жеңімпаздары 2018 жылғы қаңтар ацында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.

Олимпиада қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитетінің 5 номинациясымен белгіленді.

«Сапалы нәтиже бойынша ең үздік олимпиадалық команда»  номинациясымен 1 орынды - № 25 ЖОМ (директор А. М. Арынғазина), ІІ орынды - №37 ЖОМ (директор Л. А. Жүсіпова), ІІІ орынды - № 22 ЖОМ (директор М. К. Мамбетова) иеленді.

Қала мектептері арасында  «Ең үздік қалалық олимпиадалық команда» номинациясының иегері - № 39 ЖОМ,   оқушылары 43 жүлделі орын алды, 10 бірінші,15 екінші, 18 үшінші орын (директор Е. И. Булгакова).

Қала маңындағы ауылдардың «Ең үздік ауылдық олимпиадалық команда» номинациясын Мойылды ауылының № 38 ЖОМ иеленді.

«Білім шыңына жетелеу» номинациясымен № 2, 7, 9, 14, 16, 17, 20, 22, 23, 25, 28, 29, 30, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 41, Жетекші, Кенжекөл ЖОМ 62 мұғалімі марапатталды.  Оның ішінде 12 оқушысы жеңімпаз бен жүлдегер атанған, № 39 ЖОМ неміс тілі мұғалімі Танзиля Рафкатовна Мокроусова.

№ 34 ЖОМ оқушылары Малыгин Максим және Колодин Максим «Олимпиаданың ең жас қатысушысы» номинациясымен белгіленді.

Олимпиаданың салтанатты жабылуында мереке қонақтары үшін қала мектептерінің оқушылары - облыстық М. Қатаев атындағы оқушылар сарайының көркемөнер ұжымы өнерлерін көрсетті, лазерлік шоу ұсынылды, фотосурет ұйымдастырылды.