ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ауыл тұрғындарына арналған мерекелік концерт
12-12-2017 06:11
Ауыл тұрғындарына арналған мерекелік концерт

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Кенжекөл ауылының Балалар музыкалық мектебінде 2017 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ауыл тұрғындарына арналған мерекелік концерт» атты патриоттық концерт берілді. Концертке ауыл ардагерлері, ата-аналар, әйелдер кеңесінің өкілдері, мектеп түлектері шақырылды.

Саханада мектеп оқушыларының, халықаралық, республикалық конкурстар жүлдегерлері мен жеңімпаздарының, педагогтардың шығармалары тамашаланды. Концерттің ашылуы кіші домбырашылар ансамбльінің орындауындағы Даулеткерейдің «Қосалқа» күйімен басталды. Музыкалық мектебіміздің оқушысы Алибек Инжудің орындауындағы «Жаным қазақ» әні, «Лаула» қобызшылар ансамбльінің орындауындағы Ақан Серінің «Балқадиша» әні көрермендеріміздің көңілінен шықты. Кіші ансамбльдің құрамына балалар музыкалық мектебінің түлектері де қосылды. Қазақ халқының ұлттық аспабы жетігенмен «Кербес қыз» халық әні екі дауыспен орындалды. Мектебіміздің кіші хорының орындауындағы «Жас дәуірдің түлегіміз» атты әні өзінің тамаша дыбысталуымен таңқалдырды.

Жас әртістеріміздің сахнадағы өнерлеріне деген тамаша көңіл күй, мейірімділік ахуалына қарағанда, мерекелік концертіміз барлық көрермендеріміздің көңілінен шығып, жақсы өтті деп тұжырымдауға әбден болады.