ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тарихи кешке қатысу
13-12-2017 11:05
Тарихи кешке қатысу

Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері «Алаш жүректі ақын - Сұлтанмахмұт Торайғыров» атты тарихи кешке қатысты. Кеш П.Васильев атындағы орталық қалалық кітапханада поэтесса Шолпан Байгалы, «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары Қаршыга Қабыкенұлы Шаяхметов, тарих ғылымдарының кандидаты, Инновациялық Еуразия университетінің доценті Болат Шияпұлы Рахметолла, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры Еңлік Өсербайқызы, «Мәшһүр Жүсіптану» орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Айтмухамед Касымбайұлы Тұрышев, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенттері қатысумен өтті.

Қатысушыларға «Алаш ұраны» буктрейлері көрсетілді, А. Қ. Тұрышев «Алаш қайраткері С. Торайғыров» атты баяндама оқыды, кеш соңында С.Торайғыровтың шығармаларымен таныстыру өткізілді. Берілген ақпараттар және материалдар болашақта оқу-тәрбие үрдісінде қолданылады.