ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі мекемелер педагогтарының аттестациясы
14-12-2017 04:29
Мектепке дейінгі мекемелер педагогтарының аттестациясы

Павлодар қаласының мектепке дейінгі мекемелерінде педагогтардың аттестациясын ұйымдастыру және өткізу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Педагогтардың аттестациясына Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сараптамалық тобы қатысады. Мақсаты - кәсіпқорлық деңгейінің кешенді бағасы, талдау, сабақтар мен сабақтан тыс шаралар өткізу әдісінің бағасы, практикалық мазмұны, жұмысының нәтижелілігі.

Аттестациядан өтушілер 262 ашық шаралар өткізді, солардың ішінде 152 сабақтар, 98 шебер-сыныптар, 12 облыстық және қалалық семианарлар ұйымдастырды. Өткізген шаралары мен сабақтарында педагогтар оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін көрсетті, өз жұмыстарымен таныстырды, авторлық бағдарламаларының презентациясын, әдістемелік-дидактикалық құралдарын ұсынды, жобалау, зерттеу жұмыстарында заманауи технологияларды, ақпараттық-коммуникативті, денсаулық сақтаушы, ойын технологияларын белсенді қолданды, оқу үдерісін белсендетуге ықпал ететін, сараланған дидактикалық материалдарды пайдаланды. Педагогикалық жұмыстың қалалық сараптаудан өткізу барысында шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың жұмыс тәжірибелері анықталады, педагогикалық тәжірибедегі жаңа жұмыскерле пайда болады, олар қалалық әдістемелік кабинетімен сыналады, қала, облыс, республика педагогтарының арасында тәжірибелері жалпыланады және таратылады.

Өткен оқу жылында қалада мектепке дейінгі мекемелердегі 3 педагогтің (№ 51, 82, 111 сәбилер бақшалары) жұмыс тәжірибесі көпке таратылды, облыста  - 2 педагогтің (№ 27, 82 сәбилер бақшалары) Марина Прокофьевна Дискант, Анастасия Сергеевна Калиакпарова республикалық «Озық педагогикалық тәжірибе - 2017» конкурсының номинанты № 96 сәбилер бақшасының логопеді Светлана Леоновна Низова, 2017 - 2018 оқу жылында Алматы қаласының № 27 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Анастасия Сергеевна Калиакбарова республикалық «Озық педагогикалық тәжірибе - 2018» конкурсында қатысып жүр.