ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Менің Отаным - Қазақстан
14-12-2017 04:33
Менің Отаным - Қазақстан

Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Туған жерім - ән өлкем» патриоттық әндер конкурсы өткізілді. 150-ден аса бала (ансамбльде ән айту бөлімінің 5 хор ұжымы және жеке ән айту бөлімнің 11 оқушысы) қатысты.

Сахнада туған еліне деген махаббатқа толы балалар үні естілді. Хор ұжымының орындауында «Астана» А. Тани музыкасына, А. Естенова сөзіне, «Рақмет саған, Отаным» (музыкасы  М. Жаманкулова, сөзі А. Кожа), «Астана әнімсің» (музыкасы Қ. Сақай, сөзі Қ. Қажыбаев), «Заман-ай», С. Мухамеджанов, «Қазақ елі» (музыкасы К. Канапьянов, сөзі К. Салыков) әндері шырқалды.

Қатысушылар конкурсқа аса шағармашылық дайындықпен келген. Жарқыраған костюмдер, туған елі, әлем, мейірімділік пен әдемілік туралы орындалған жан тебірентерлік әндер экранда Қазақстан туралы бейнефильмдермен сүйемелденді, туған елдің тарихы мен мәдениетіне толы білім - залға ерекше атмосфера - бірлік пен топтастық атмосферасын құрғандай.

Құзыретті қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың музыкалық деңгейін, айту сапасын, екпін әдемілігін, образдағы көркемдік туындыны, елдің тарихын білу деңгейін бағалады.

Конкурстың барлық қатысушылары, жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.