ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Елім деп соққан жүрегім» атты әнжинақ тұсаукесері
14-12-2017 06:41
«Елім деп соққан жүрегім» атты әнжинақ тұсаукесері

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығы қарсаңында № 25 мектепте 4-сынып оқушысы Мұзафар ГауҺардың «Елім деп соққан жүрегім» атты ән кеші өтті. Шараға мектеп оқушылары, ұстаздары, ата-аналары, Гауһардың туыстары және БАҚ өкілдері қатысты.

Кеш Гауһарды ән әлеміне жетелеп жүрген мектептің  музыка пәнінің мұғалімі Балкенов Жанұзақ Қорабайұлының ұйымдастыруымен өтті.

Гауһар шығармашылық концертінде 10-нан аса патриоттық тақырыптардағы әндерді орындады. Әсіресе «Өсиет», «Желдірме», «Күрең күз» әндері көрермендердің көңілінен шықты.

Аталған шараның ерекшілігі, Гауһардың «Елім деп соққан жүрегім» атты әнжинағының тұсауы кесілді. Рәсімді өткізген «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжамал Шаханқызы. Ол Гауһарға әжелік ақ батасын беріп, естелікке «Бота»  ойыншығын сыйлады. Тәуелсіздік мерекесіне орай өткен кештің оқушылар үшін тәрбиелік мән-мағынасы жоғары болуымен қатар, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер сыйлады.

Гауһар облыстық «Балауса» ән байқауының лауреаты (2016 жыл), IV «Асыл мұра» байқауының, Астанада өткен «Сәлем Қазақстан» жобасының бас жүлде иегері (2017 жыл), республикалық Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» телефестивалінің жеңімпазы, Республикалық «Бала дауысы» телевизиялық  балалар байқауының жүлдегері (2017 жыл).