ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогтердің аттестаттауы шеңберіндегі сараптама кеңесі жұмысының нәтижесі
15-12-2017 03:36
Педагогтердің аттестаттауы шеңберіндегі сараптама кеңесі жұмысының нәтижесі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесі аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің педагогикалық әрекетінің сараптамасы бойынша жұмыс атқарады, жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің шығармашылық тәжірибиесін зерттейді.

2017 - 2018 оқу жылында 595 педагог біліктілікті санатқа беру және растау бойынша өтініш берді: 330 жоғары санатқа (растау - 202, беру - 124, алдын ала беру - 4), 120 бірінші санатқа (растау - 25, беру - 81, алдын ала беру - 14),  екінші санатқа 145 (растау - 13, беру - 100, алдын ала беру - 32).

Аттестаттау шеңберінде қалалық және облыстық шараларда 3 айдың ішінде 473 педагог өздерінің әдістемелік әзірлемелерін ұсынды. Олармен 381 сабақ, 66 шебер-сағаттары, 24 облыстық және қалалық семинарлар, 2 коучинг өткізілді. Мұғалімдермен түрлі іс-әрекеттер, олардың алмасуы, жаңа оқытудағы нәтижеге негізделген әдіс-тәсілдерді қолдануы, ұсынылған жұмыстар бірлескен шығармашықты, ынтымақтастықты арттырады.

Педагог әрекетінің сараптамасы бойынша үздік сабақтары боп саналды: № 29 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері Э. Г. Дубовская, Л. А. Таргаева, № алімдері № 13 ЖОМ С.Т. Аубакирова, № 29 ЖОМ А.А. Сейткалиева, № 20 ЖОМ орыс тілі және әдебиет мұғалімдері В.А. Макишева, Л. И. Фрик, ағылшын тілінің мұғалімдері № 42 ЖОМ С.А. Нехаева, № 39 ЖОМ Б. М. Елемесова, № 36 ЖОМ А.Т. Бейсембаева тарих мұғалімі, № 42 ЖОМ биология  мұғалімі  Е. В. Иванова ағылшын тілінде сабақ берді.

Сараптама кеңесінің пікірлері бойынша шебер - сағаттарды химия мұғалімдері № 41 ЖОМ М. П. Каскирбаева, № 34 ЖОМ Е.В. Заграфская, №32 ЖОМ қазақ тілі және әдебиет мұғалімі А. Ж. Уныйбаева өткізді.

Қала деңгейде 85 мұғалімдердің педагогикалық тәжірибиесі  зерттелді, жоо ғалымдарының рецензиялануының нәтижесі бойынша 2018 жылдың қаңтар айында 65 педагогтердің тәжірибиесі көпшілік алдында қорғалады. Облыстық деңгейде 15 педагог тәжірибиесін қорғады, соның ішінен қала мектептерінің  8 мұғалімі, облыстық конкурсы кезеңінің жеңімпаздары, «Педагоикалық идеялар фестивалі - 2017» республикалық конкурсында өзінің тәжірибиесін таратты.