ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау
15-12-2017 04:30
«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау

2017 жылдың 12 желтоқсанында Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 4 - 5 сынып оқушыларын «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау өтті. «Жас Ұлан» ұйымы қатарына 1300 оқушы қабылданды.  Ұйымқұрылғаннан бері5 жылішінде қала мектептерінен 20 мыңға жуық оқушылар Жас Ұлан қатарына қабылданды.

«Жас  Ұлан» ұйымы қатарына қабылдау ардагер ұстаздардың, Нұр Отан мүшелерінің, депутаттар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтті. «Бүгін біз үшін өте маңызды  күн. Біз «Жас  Ұлан»  қатарына  қабылдандық, ұстаздарымызды   жерге қаратпауға тырысамыз», - деді № 29 ЖОМ-тің 5-сынып оқушысы Бекмұрат Әділ.

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Елбасының қолдауымен құрылды. Ол «Жас Қыран» мен «Жас Отан» арасындағы орта буын. Ұйымға қабылданған оқушылар қалалық волонтерлік жұмыспен, әр түрлі спорттық іс-шараларға қатыса алады. «Бүгінде жасқырандықтар мен  жасұландықтарды алдыңғы буын өкілдері «Жаңаша Ұландар» деп атап, бұл ұйымды қолдайды», - дейді Павлодар қаласыныңбілім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бондаренко Римма Хабибуллаевна.