«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық кезеңі 2017 жылғы 13 - 14 желтоқсанда Алматы қаласында «Алтын Қарғалы» шипажайында өтті. Конкурс 5 бағыт бойынша өткізілді, әр секцияда 32-ден 40 қатысушыға дейін тәжірибиесін қорғады.
Конкурста Павлодар облысын 20 қатысушы, соның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 8 қатысушы (директор және 7 мұғалім) ұсынды, «Педагогикалық бастамалар» облыстық кезеңінің жеңімпаздары.
Конкурстың нәтижесі бойынша 6 қатысушы жеңімпаздар және жүлдегерлер болды. Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің І дәрежелі дипломмен «Педагогикалық идеялар фестивалі - 2017» республикалық конкурста «Психологиялық сандықша» бағыты бойынша № 40 ЖОМ логопеді Қымбат Галлямқызы Матай марапатталды. Қымбат Галлямқызы ағымды жылдың сәуір айында Алматы қаласында «Үздік логопед - 2017» республикалық конкурста жеңімпаз атанып, 2 орынды алды.
«Білім берудегі менеджмент жүйесі» бағыты бойынша 31 қатысушыдан № 28 ЖОМ директоры Гүлмира Сахтайқызы Мантыкова ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Түрлі сабақ болғанымен, әрбірінде шебер қолдар» секциясында ІІІ дәрежелі дипломмен № 36 ЖОМ технология мұғалімі Наталья Ивановна Балобан, 28 ЖОМ орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Елена Геннадьевна Бородина марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен «Шығармашылық толқын» бағытында № 29 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Эдьвина Геннадьевна Дубовская марапатталды. «Өз ісінің шебері» номинациясының иегері № 27 сәбилер - бақшасының тәрбиешісі Анастасия Сергеевна Калиакбарова атанды.