ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған өлкенің көне тарихын зерттеу
15-12-2017 05:30
Туған өлкенің көне тарихын зерттеу

Павлодар қаласының № 18 ЖОМ-де  2014 жылдан бастап «Асылмұра» археологиялық-этнографиялық  зертханасы жұмыс істейді. Зертхананың жұмысы Павлодар  мемлекеттік  педагогикалық  институтының негізінде құрылған «Margulanzentr» аймақтық  археологиялық  кешенімен бірлесе  жүзеге асырылады. Зертхананың негізгі міндеті - Қазақстанның  тарихи-мәдениет  мұрасын  насихаттау.

Зертханада «Туған жер» археологиялық-этнографиялық үйірмесі құрылған, үйірменің  жұмысы  ғылыми  жобаларымен  басшылыққа  ала отырып  жүргізіледі, 3-ші  жыл  8 - 11 сынып оқушылары   археология, этнология, өлкетану  және туризмнің  облыстық экспедициялық  жұмысқа белсенді қатысады. 2017 жылдың жазында Павлодар мемлекеттік  технологиялық колледжімен бірлесіп Май ауданында аймақтық  археологиялық-этнографиялық  орталығымен  оқу-дала экспедициясы жүргізілді. Зертхананың жетекшісі Мұқанов Асхат Смағұлұлы  мектебіміздің  тарих мұғалімі болып  жұмыс  істейді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында  мектебімізде педагогика  институтының  Ә. Марғұлан   орталық  өкілдерімен  кездесу өтті. Кездесу барасында орталық қызметкерлері оқушыларды археологиялық зерттеулермен, этнология, өлкетану мен туризм, археологиялық  қазба жұмыстары туралы видео-сюжеттерінде  Ертіс өңірінде шамамен 1 млн. жыл бұрын  адамның  пайда болуы туралы  тұжырымды растайтын қазбалар табылды. Орталықтың ғылыми қызметкерлері  антропология  саласындағы  жаңа  зерттеу  әдістерімен, қыш ыдыстар, еңбек құралдары, әшекейлерді  көрме  түрінде ұсынып,  Павлодар  өңірінің  палеолит дәуірінен осы заманға дейінгі  тарихын  көрсететіп, таныстырды.   Май   ауданында археологтар мен біздің оқушылар тапқан IX - XI ғасырлардың қимақ жауынгерінің түпнұсқасын, сауыт-саймандары  мен қару-жарақтарын балалар  ұстап, тамашалады.

Іс-шара  соңында    мектеп оқушылары жаз  айында  Баянауылда  жүргізілетін  «Стоунхенджа» археологиялық қазба жұмыстарына қатысуға ниет білдіріп отыр. Әзірге қазба жұмыстарына тек жоғары сынып оқушылары ғана қатыса алады.

Осы  іс-шара  республикалық арналарда «Хабар» және «24. Kz» сюжеттерінде көрсетіліп, «Рухани жанғыру» бағдарламасын дайындаған  «Хабар»  агенттігінің   журналистері  Салауат  Темірболатұлы, Марат Игликов, Алексей  Омельницкии, Ақмарал Есимханова және  облыстық   газет тілшілері  «Сарыарқа самалы»  мен  «Звезда Прииртышья» жариялады.

«Осындай іс-шаралар туған өлке тарихын балалардың ой-өрісін кеңейтуге ықпал етеді және қызығушылықтарын  арттырады. Өйткені, туған өлкенің тарихын  зерттеу - бұл ең үздік патриотизм. Осыдан оқушылардың Отанға деген махаббаты байқалады», - мектеп директоры Гамирова Елена Анатольевна  өз сөзінде  атап өтті.