Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын шеңберінде М. Катаев атындағы оқушылар сарайында облыстық «Мәдениет қиылысында» жасұландықтар күні өткізілді. Балалар бұқаралық қозғалысын дамыту бойынша бөлім педагогтары облысытың «Жас Ұлан» ұйымдарының жас көшбасшыларын жинады. Мерекеге Ұланбасы ассоциациясының белсенді қатысушылары және Жас Ұлан» біріңғай балалар-жасөспірімдерінің еріктілері, Павлодар қаласының № 2, 5, 6, 9, 12, 13, 14, 15, 22, 27, 28, 30, 31, 32, 34, 35 ЖОМ-нің оқушылары мен аға тәлімгерлері келді, Ақсу қаласының Айнакөл мектебі және Павлодар ауданы Ямышев мектебінің өкілдері қатысты.
Оқушылар Астана және Қазақстанның көрікті жерлері бойынша сырттай экскурс өткізіп, «Астана - Отанымыздың Елордасы» интербелсенді викторинасының сұрақтарына жауап берді және Ақ Орда мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев жайында коллаж безендірді. Жас Ұлан белсенділері өз мектептерінде ұқсас форматта шаралар өткізетін болады.