ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы - іс жүзінде
15-01-2018 15:37
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы - іс жүзінде

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында және «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасын орындауда Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебі НОБД, Күнделік, БілімLand, 1С-Бухгалтерия ақпараттық жобаларына белсене қатысады. Мектептің материалдық-техникалық базасы түрлі цифрлық білім беру ресурстарын пайдалануға, барлық есепті құжаттарды жүйелендіруге, әкімшіліктің қызметін ақпараттық жобалармен цифрландыруға толықтай мүмкіндік береді.

Мектеп НОБД жүйесінде 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. НОБД жүйесі мектеп бойынша кез келген есептік ақпарды оңай әрі жылдам жасауға, бекітілген кезеңдегі мәліметтерді автоматы тәртіпте жинақтауға, мәліметтер көлемін сақтауға және өңдеуге, білім беру ұйымының мәліметтері негізінде (жыл бойының) әкімшілік есептілікті қалыптастыруға, нұсқамалық материал мазмұнындағы «көмек» қызметінің болуына мүмкіндік береді.

Маңыздысы сол, кез келген бақылаушы орган кез келген ақпаратты, есепті жеңіл түрде ала алады, мұның өзі әкімшілікті қағазбасты есептен босатып, алынған мәліметтердің объективтілігін қамтамасыз етеді.  Тек енгізілген ақпараттардың шынайылығын сақтау қажет.

Қазіргі уақытта мектеп бойынша Күнделік жүйесін белсенді қолданатын 2558 адам бар, соның ішінде 1224 оқушы, 88 қызметкер және 1246 ата-ана тіркелген.

Бұл - білім беру ұйымдары үшін электронды құжат айналымының және білім беру процесінің барлық қатысушылары - педагогтар, ата-аналар және оқушылар арасындағы өзара әлеуметтік желілік іс-қимыл құралдарының мүмкіндіктерін біріктіретін автоматтандырылған ақпараттық білім беру жүйесі.

Сондай-ақ, мектеп БілімLand білім беру платформасының мүмкіндіктерін де белсенді пайдаланады, мұның өзі мұғалімдер мен оқушыларды сабақтарға дайындау үшін зор мүмкіндіктер береді. Бұл платформа мектеп мұғалімдерімен жан-жақты пысықталған және сабақтарға дайындалуды жеңілдететін ресурстардың жүйелендірілген базасы да құрастырылды.