ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Химия сабақтарында критериалды бағалау
19-01-2018 09:24
Химия сабақтарында критериалды бағалау

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2018 жылғы 17 қаңтарда № 41 ЖОМ білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Критериальное оценивание учебных достижений учащихся на уроках химии» семинар-практикум өткізді. Қаланың жалпы білім беру мектептерінің 30-дан астам химия мұғалімдері қатысты.

Семинарда «Сабақтарда қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру», «Бөлім бойыша жиынтық бағалау», «Тоқсан бойынша жиынтық бағалау», «Жиынтық бағалау нәтижесінің модерациясы» мәселелері қарастырылды. Қатысушылар бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылысының жұмысы, модерацияны ұйымдастыру және өткізу бойынша пікірлерімен алмасты. Диалог барысында мұғалімдер критериалды бағалауды енгізу бойынша, бағалау қалай жүргізіледі, бағалау барысында не қарастырылуы керек, оқушылар қандай жетістіктер деңгейіне жету қажет екені туралы тәжірибиесімен және жұмыстарымен бөлісті. Модераторлармен бағалаудың әртүрлі түрлерін ұйымдастырудағы әдістер, тәсілдер, нысандар ұсынылды.

Семинардың тәжірибиелі бөлімінде бағалау критерийлер есебімен тапсырмаларға дискрипторларды құрастыру бойынша топтық жұмыс өткізілді. Семинар қатысушылары химия сабақтарында жиынтық және қалыптастырушы бағалауға тапсырмаларды әзірлеу бойынша шығармашылық топ құрды. Семинар қатысушылары ұсыныстарды шығарып, қала мектептеріне жіберді.