ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мәскеудегі халықаралық конкурс жетістіктері
22-01-2018 09:30
Мәскеудегі халықаралық конкурс жетістіктері

Мәскеу қаласында өткен «Шексіз балалық шақ» атты XIX Халықаралық балалар шығармашылығының фестиваль-байқауына Ресей Федерациясынан және СНГ мемлекеттерінен 2 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер қатысты. Павлодар қаласы №1 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары байқаудың белсенді қатысушылары болып табылады. Байқауға 15 оқушы өз жұмыстарын жіберді. Биылғы жылғы жұмыстары. Қолмен жасалған заттардың әсемдігі», «Шабыт қанатында», «Әлем бойымен саяхаттау» тақырыбында және графика және кескіндеме техникасында болды.

2018 жылдың 15 қаңтарында байқау нәтижелері белгілі болды. II орынға «Кілем тоқимыз» жұмысының авторы Бухтарова Татьяна, «Анна Павлова» - Сагадат Айзия, «Отан қорғаушысы» - Касдорф Стелла, 8 жас, жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова, «Киім дизайнерінің студиясы»жұмысының авторы Кривобокова Татьяна, жетекшісі Тамара Евстахиевна Ровенная, «Күнге ұмтылу» - Литвиненко Егор, 14 жас, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова, «Ұлы құпия» - Рубцова Камила, 16 жас, «Жаздың тынысы» - Стугирева  Мария, 17 жас, жетекшісі Наталия Владимировна Решетова ие болды.

Жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова 11 жасар Гордиенко Кристина «Теңіз бойымен келемін» жұмысы үшін, 12 жасар Илларионова Анастасия «Ойыншықтар шеберханасында» жұмысы үшін, 11 жасар Мацько Алиса «Шығыстың шебері» атты жұмысы үшін; жетекшісі Гүлнәр Мерғалымқызы Мұхаметқалина 8 жасар Кисенко София «Египетке саяхат» жұмысы үшін; жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова 9 жасар Моторная Анна «Шебер», жетекшісі Наталья Ивановна Шахова 11 жасар Утябаева Дарья  «Квинтет», жетекшісі Лариса Алексеевна Кузнецова 15 жасар Моисей Юлия «Ашық аспан астында» және 11 жасар Леоненко Степан «Теңіз жағасы» жұмысы үшін ІІІ орын иеленді.

«Бұл байқауда жеңімпаз атанған біздің оқушылар әр түрлі республикалық және халықаралық деңгейдегі бірнеше байқаулардың жеңімпаздары болып табылатынын айтып кету жөн. Олардың ішінде Кривобокова Татьяна, Кисенко София, Рубцова Камила, Моисей Юлия, Леоненко Степан, Мацько Алиса, Илларионова Настя, Гордиенко Кристина, Касдорф Стелла, Моторная Анна», - деп мектеп басшысы Ләйлә Мұқарамқызы хабарлады.