ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас математиктердің зияткерлік жарыс қорытындысы
23-01-2018 09:29
Жас математиктердің зияткерлік жарыс қорытындысы

Павлодар қаласында 2018 жылғы 16 - 19 қаңтар аралығында облыстық  білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік  орталығының ұйымдастыруымен V аймақтық жас математиктер  турнирі өткізілді.

Турнирге барлығы 16 команда құрамында 7 - 8 сыныптары арасында 96 оқушысы қатысты:  Астана (5 команда), Алматы (3) қалаларынан, Павлодар қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінен (2), облыс бойынша (6).

Әділ-қазылар алқасы құрамына облыстың математика пәні мұғалімдерінің облыстық ассоциациясы мүшелері, «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің жаттықтырушылары, команда жетекшілері кірді.

Ережеге сәйкес турнир екі кезеңде өткізілді: бірінші кезең – командалық олимпиада,  екі лигаға  командаларды бөлу мақсатында жазбаша түрде  өтті. Екінші кезеңде қатысушылар 3 күн бойы тапсырмаларды шешу арқылы сайысқа қатысты. Турнирдің негізгі бөлігі - математикалық жарыстарда командалар күрделі тапсырмалардың шешімдерін қорғады.

ІІ лига қорытындысы бойыншаоблыстың «Аксиома» құрама командасы - Екібастұз қаласының № 1 мектеп-лицейінің оқушысы Крючков Владислав, Тукаев Амир, Линник Дарья, № 3 гимназясының оқушысы Байгужинов Ян, Павлодар қаласы № 38 ЖОМ-нің оқушысы Байгушкаров Олжас, № 34 ЖОМ-нің оқушысы Путинцев Иван ІІ орынға ие болды.