ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Аймақаралық Новочеркасск байқауының жеңімпаздары
23-01-2018 09:37
Аймақаралық Новочеркасск байқауының жеңімпаздары

Ресейдің Новочеркасск қаласында «Көңіл күй пейзажы» атты жас суретшілердің аймақаралық көрме-сайысының ашылуы өтті. Сайыстың қазылар алқасы, Ресей суретшілер Одағы мүшесінің өкілеті Константин Сиденинның қолдауымен I, II, III дәрежелі дипломдарға ие болған 67 жеңімпазды анықтады, солардың ішінде Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінен 3 оқушы бар еді.

I дәрежелі дипломдарды 11 жастағы Аиша Исабекова пуантилизм техникасында орындаған «Терезенің ар жағындағы пейзаж» жұмысымен, жетекшісі Анжелика Николаевна Бамбуляк, сондай-ақ 9 жастағы Анастасия Лысенко гуашпен салған «Өзен пейзажы» жұмысымен, ал II дәрежелі дипломды  Сәуле Бейбітхановна Пернебаеваның жетекшілігімен 10 жастағы Алина Сүлейменова аралас техникада орындаған «Өзгеру желісі» суретімен жеңіп алды.

Мектебіміздің тағы да 7 оқушысы қатысушы дипломдарына ие болды. Жас суретшілердің жұмыстарында туған өлкенің табиғатын, туған қаланың бұрыштарын, пленэрлік нобайларды, қиялды пейзаждарды бейнелегендерін көруге болады. Сонымен қатар олар жұмыстарында байқау қабілеті мен сурет салу дағдысының жоғары екендігін көрсете білді.

Осы жылы байқауға Владимир, Астрахань, Иркутск, Омбы, Ростов-на-Дону, Таганрог, Азов, Ростов облысының ауылдары мен бекеттеріннен және Қазақстанның, Дағыстанның  37 көркемсурет мектептері мен балалар өнері мектептерінен 500-ден артық қатысушы ат салысты, солардың ішінде 27 оқушы № 2 Балалар көркемсурет мектебінен еді.