ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Менің роботым» робототехника бойынша қалалық олимпиада өткізу туралы
23-01-2018 17:27

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2018 жылы 30 қаңтарда сағат 10.00 –де Павлодар қаласының № 25 ЖОМ (Майра көшесі 49/1) «Менің роботым» робототехника бойынша I қалалық олимпиада өткізіледі.
Олимпиадаға қаланың жалпы білім беру мектептерінің 5 - 8, 9 - 10-сынып оқушылары қатысады.
Мақсаты - ЛЕГО Мindstоrm конструктор негізінде орындалған,бағдарланған робот дағдыларын жетілдіру, инженерлік-шығармашылық және ақпараттық-коммуникативтік құзырлығын дамыту, конструктивтік қызмет қабілетіне,терең ойды игерген,дарынды,талантты оқушыларды қолдау.
Әрбір мектеп командасы бір роботты ұсынады.
9 – 10-сыныптың жоғарғы топ командаларының қатысушылары роботты бағдарламалап және жинағаннан кейін «Гонки по линии» жарысына қатысады. Қатысуға 16 мектептен 19 команда тапсырыс берді.
5 - 8- сыныптың орта жастағы топтың мектеп командасы ЛЕГО Мindstоrm конструктор негізінде орындалған дайын роботтарды ұсынады және «РОБОСУМО» бойынша жарыстарға қатысады. 30 мектептен 38 команда тапсырыс берді.
Барлығы қалалық олимпиадаға 2 жас ерекшелік топтан қаланың 30 жалпы білім беру мектептерінен 109 оқушы қатысады.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі