ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жердің болашағы саған байланысты» науқаны
25-01-2018 17:47
«Жердің болашағы саған байланысты» науқаны

Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде 2018 жылғы 15 - 19 қаңтар күндері аралығында топырақ салынған ыдыстарға емен жаңғақтарын отырғызу бойынша «Жердің болашағы саған байланысты» науқаны өткізілді. Науқан Павлодар қаласының «Атамекен - Родина» ҚБ өкілдерімен бірлесіп өткізілді. Іс-шараға мектептің 1 - 4 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты - табиғатқа, қоршаған ортаға деген қызығушылықты егу, Жер ғаламшары - тірі және оған қамқорлық қажет екендігі туралы түсінік беру.

Оқушылар болашақта жас емен көшеттерін алу үшін жер салынған кішкентай стақандарға өздері емен жаңғақтарын отырғызды. Сонан соң емен көшеттерін мектепке жақын жерге отырғызу, осылайша шағын аудан өсімдіктер дүниесін түрлендіру және көгалдандыру жоспарлауда. Науқанды өткізу күндері 200 емен жаңғағы отырғызылды, оқушыларға оларды одан әрі күту бойынша түсінік берілді. Әр бала өзіне еменнің мықты көшет өсіріп шығаруға жауапкершілікті алып, өз көшетін үйіне алды. «Емен ежелден денсаулық, күш және ұзақ өмір сүру нышаны болып саналады, 29 қаңтардан 2 ақпан күндері аралығында тағы да 300 көшет отырғызу жоспарлануда», - деді мектеп директоры Зауреш Дауленовна Ахмадова.