ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тарих пәні мұғалімдерінің семинар-практикумы
26-01-2018 11:40
Тарих пәні мұғалімдерінің семинар-практикумы

Білім беру мазмұның жаңарту шеңберінде Павлодар қаласының білім беру әдістемелік кабинетімен № 19 ЖОМ үнемі әрекеттегі семинар-практикум өткізілді. Мақсаты - жаңа білім мазмұнын енгізу бойынша тарих пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету. Мемлекеттік тіл оқытуымен 5, 7 сыныптардағы білім мазмұнын жаңарту курстарынан өтпеген  қаланың № 2, 12, 14, 17, 21, 22, 24, 25, 29, 37, 38, 39, 40 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинар модераторы Қазақстан тарихы және құқық Негіздері бойынша педагогикалық шеберлік Орталығының тренері Аян Сансызбайұлы Күзембаев болды.

Семинарда білім мазмұнын жаңарту, критериалды бағалау, 5, 7  сыныптардағы қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды құру мәселелері қарастырылды. Қалыптастырушы және жиынтық тапсырмаларға критерийлер және дискрипторлар құрастыру, сабақтарды үлгілеу, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құрастыру бойынша топтарда жұмыс өткізілді. Пікірмен алмасуы жаңалық деңгейін және демократиялық оқу үрдісін талқылауға мүмкіндік берді. Қатысушылар жыл бойы семинарларда қарастырылатын мәселелерді алды.