ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас дарындардың зияткерлік сайысы
02-02-2018 18:31
Жас дарындардың зияткерлік сайысы

 31 қаңтарда 2018 жылы № 2 ЖОМ «Павлодар дарын» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен«Жарқын болашақ»  республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты - дарынды балалармен жұмыс жасау сапасын жетілдіру, оқушылардың зияткерлік дамуын ынталандыру, шығармашылық қабілеті және терең білімді дарынды балаларды мадақтау. Павлодар қаласы жалпы білім беру мектептерінің  7 - 10сыныптың 103 оқушысы қатысты.

Байқау 5 номинация бойынша өтті.

 «Жас ғалымдар» номинациясында оқушылар қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті және тарихи мәселелерін ашатын  ғылыми жобаларды ұсынды. Номинацияда I орын иегерлері №  18  мектеп оқушысы Суженова Камила (орыс тілінде оқитын), Тоқтарова Диляра № 17 ЖОМ 9 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқитын).

 «Тiлшi-әдебиетшiлер» номинациясында қатысушылар әдебиет және тіл бойынша тест сұрақтарына жауап беріп қазақ тілінен білімдерін көрсетті. Номинацияда I орын иегері Кенжекөл мектебінің 8 сынып оқушысы Әлгужинова Альмира (қазақ тілінде оқитын), № 18 ЖОМ 10 сынып оқушысы Батрачина Аделия (орыс тілінде оқитын).

«Сөз шеберлерi» номинациясында оқушылар әдебиет сөзіне үлкен қызығушылық көрсетті, шығармашылық мүмкіншілігін ашты, тыңдаушыларға қазақ тілінің көркемдігін жеткізе алды. Номинацияда I орын иегері №  25  ЖОМ 9 сынып  оқушысы Түсүпбекова Дамира (қазақ тілінде оқитын), №18 мектеп 9 сынып оқушысы Айтжанова Дариға (орыс тілінде оқитын).

«Әншi-бұлбұлдар» номинациясында  қатысушылар қазақ халық өлеңдерін және қазақ композиторларының шығармасын ұсынды. Номинацияда  I орын иегерлері № 25 ЖОМ 9 сынып оқушысы Амангелді Диана (қазақ тілінде оқитын), № 9 ЖОМ 7 сынып  оқушысы Козолуп Алиса (орыс тілінде оқитын).

«Жазушылар» номинациясы бойынша қатысушылар эссе арқылы өз ойларын жазбаша жазды және өздігінен шығармашылық ойлау дағдыларын көрсетті. I орын иегерлері № 34 ЖОМ 8 сынып оқушысы Тайчик Алиша (орыс тілінде оқитын), Кенжекөл орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Құмарсерік Шернияз (қазақ тілінде оқитын).

Байқау қорытындысы бойынша II орынды № 1, 2, 17, 20, 22, 23, 33, 34, 37 ЖОМ, IIIорынды № 1, 2, 12, 13, 16, 17, 20, 22, 23, 29, 34, 35, 38, 39, 41 ЖОМ оқушылары алды.

I орын алған оқушылар 2018 жылы 8 ақпанда республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысады.