ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтерді оқыту
05-02-2018 09:52
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтерді оқыту

12-жылдық  оқытуға кезеңмен көшуге, білім беру бағдарламаларына, көптіліділік бойынша жаңа моделін енгізуге байланысты 2017 жылдың басынан Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 1266 педагог қайта даярлау курстарынан өтті. Павлодар облысы «Өрлеу» ПК ҰО АҚ филиалы біліктілікті арттыру институтының қысқа мерзімді курстарынан 55 педагог, 27 және 3 мектеп және мектепке дейінгі оқытудағы әкімшілігінен өтті. «Нәтижелі оқыту», «Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы», «Педагогикалық қауымдастықтағы мұғалімнің көшбасшылығы» жаңа форматты курстары бойынша педагогикалық шеберлік орталығында 102 адам, соның ішінде 10 басқару кадрлардан оқытылды. «Тәжірибиедегі рефлексия» мектеп тренерлері курстарынан 124 мұғалім өтті. Ағылшын тілін меңгеру курстарынан  биология, химия, физика, информатика пәндерінің 154 мұғалім оқытылды, соның ішінен 91 педагог В1, В2, С1 сертификаттарын алды, 63 педагог оқуды жалғастыруда.

Осы курстарын аяқтағаннан кейін информатика, физика, химия, биология сабақтарын ағылшын тілінде жүргізуге және пәнді ағылшын тілінде өткізген педагогтерге қосымша ақы алуға сертификат құқығын береді.

Үштілдік оқыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ағылшын тілінің 51 мұғалімі ағылшын тілін тереңдетіп оқыды. Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2,5,7 сыныптарында жұмыс істейтін 729 мұғалім курстардан өтті, соның ішінде 190 бастауыш сынып мұғалімі, 445 пән мұғалімдері, 15 мектеп директорлары, 20 тәрбие жұмысы бойынша директорлардың орынбасарлары, 60 оқу жұмысы бойынша мектеп директорлардың орынбасарлары.

    2018 жылда педагогикалық қызметкерлердің жаңа бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан 4-ші сыныптың 168 мұғалімі, олар жаңа оқу жылында бірінші сыныптарды оқытады, 6, 8, 10 сыныптардағы 469 пән мұғалімі оқытылады.

      Үштілділік бағдарламаны жүзеге асыру үшін орыс тілі оқытуымен мектептердің 30 қазақ тілі мұғалімдері тереңдетіліп қазақ тілін, ағылшын тілін биология, химия, физика, информатика мұғалімдері оқыйды.

Педагогикалық шеберлік орталығында «Нәтижелі оқыту», «Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы», «Педагогикалық қауымдастықтағы мұғалімнің көшбасшылығы» жаңа форматты курстар 71 мұғалімге және 5 мектеп басшыларына ұйымдастырылады.

Курстық дайындықпен 70 педагогтен астам мұғалім қамтылады, өйткені 2018 жылдың 1 қыркүйектен 10 сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Жобалау  және графика» және «Заманауи әлемдегі Қазақстан» арнайы курстар енгізіледі.