ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шахматы бойынша жас шеберлердің қалалық жарыстары
06-02-2018 12:15
Шахматы бойынша жас шеберлердің қалалық жарыстары

Павлодар қаласының № 41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы № 41 ЖОМ-да 2018 жылғы ақпанның 3 - 4 күні шахматтан «Белая ладья» атты командалар біріншілігі жүргізілді. 1 - 4 сыныптардың 120-дан астам оқушылары және № 24, 27, 31, 34, 35, 2, 4, қаланың Кенжекөл ЖОМ-ның 5 - 7 сыныптары команда құрамында қатысты.

1-ші іріктеу турниріне 78 оқушы құрамында қаланың № 24, 27, 31, 34, 35 ЖОМ-ның 1 - 7 сыныптары қатысты. Іріктеудің шартына байланысты жартылай финалға тек I, II, III орын алған командалар ғана қатыса алады. Қызу жарыста шарықтау мәреге № 24 ЖОМ (I орын), № 41 ЖОМ (II орын), № 27 ЖОМ (III орын) командалары шықты.

Екінші күннің жартылай финал турниріне құрамында 50 оқушысы бар № 41, 24, 27, 2, 4, Кенжекөл ЖОМ командалары қатысты. Жартылай финал ойынның шарты бойынша мәреге тек I, II орын алған командалар ғана шығады. Турнирдің қорытындысы бойынша I орынды 24 мектептің, II орынды - № 41 ЖОМ-ның командалары игерді.

Шарықтау мәресі ақпанның 10 күні Павлодар қаласының № 27 ЖОМ-да болады. Жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің кубогі және мадақтамаларымен марапатталады.