Павлодар қаласы әдістемелік кабинетінің 2018 жылғы 1 ақпанда № 34 ЖОМ жас орынбасары мектебінің сабағы өткізілді. 20 мектеп директорлардың орынбасарлары қатысты.
«Проблемы организации урока в условиях обновленного содержания» тақырыбы бойынша жас орынбасары мектебінің сабағында пән-мұғалімдері ашық сабақтар берді. 7 сыныпта математика пәнінен «Формулы сокращенного умножения» Жанара Төлегенқызы Бешкенова, 1 сыныпта «Равенства и неравенства» Алтынай Жумашқызы Тенизова, 7 сыныпта химиядан «Реакция взаимодействия разбавленных кислот с металлами» Сәуле Серіққызы Дюсенова, 5 сыныптағы ағылшын тілінен «Outstandingpeople» Зинаида Бакубайқызы Наскенова, 1 сыныптағы жаратылыстанудан «Как выглядит наша Земля» Ольга Владимировна Подгойная, 2 сыныптағы орыс тілінен «Большая буква в именах собственных» Лариса Ивановна Склокина, 2 сыныптағы қазақ тілі «Мен шырын ішемін» Әсем Шаймуратқызы Сарсекеева сабақ берді.
Критерийлер, дискрипторлар, олардың балдары белгіленген бақылау парағына сәйкес, ашық сабақтарды қатысқаннан кейін топ басшыларымен сабақтың талдауы өткізілді.
Семинар материалдары қала мектептеріне жіберіледі және №34 ЖОМ сайтында орналастырылады.