Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Әй, жарайсын!» қалалық конкурсының жартылай финалы туралы
07-02-2018 17:45

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2017 - 2018 оқу жылына «Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылы 12 - 23 ақпан аралығында № 35 ЖОМ Павлодар қаласы мектептерінің өзге ұлт өкілдерінің  7 - 8 сынып оқушылары арасында «Әй, жарайсың» конкурсының жартылай финалы өткізіледі (басталуы сағат 14.00-де).

Мақсаты - қазақ тілін,ел тарихын  және ұлттық  салт-дәстүрді білу.

         Байқау шарты:

1 кезең «Дос болғанға құшақ жаяр туыспыз,қас қылғанға қиып түсер қылышпыз» - сәлемдесу (кішкентай ел,мектеп өмірімен танысу).

 Мақсаты: Мектеп өмірімен танысу.

II кезең «Тілі екеудің- ділі екеу» капитандар байқауы (капитандардың және команда мүшелерінің  талантын,дағдыларын  анықтау),барлық  капитандар команда мүшелерімен кеңесіп мәтіндегі 3 сұраққа жауап береді.

Мақсаты: Дағдыларын,таланттарын анықтау.

III кезең «Өнерлінің өрісі кең» таланттар байқауы (оқушылардың эмоционалдық  мәдениетін, эстетикалық сезімдерін,көркемдік  қабілеттілігін дамыту).

Жауаптың толықтығы,әзілдігі ескеріледі.Әрбір команда  қазақ халық өнерін,өлеңін орындайды,тақпақ оқиды.

Мақсаты: Оқушылардың  көркемдік қабілетін, эмоционалдық мәдениетін дамыту.

Бағалау критерийі:

Өзін еркін ұстау,сыртқы көрінісі (ұлттық костюм),сахна рәсімдеу,мемлекеттік тілді білу деңгейі.

Дұрыс жауап (шығармашылығы, нөмірдің көркемдік рәсімделуі).

Тақырыптың түпнұсқалығы

Тіл тазалығы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер наурыз айында өтетін финалға қатысады.

Тел. 322343, 87056099752

Павлодар қаласының білім беру бөлімі