ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Қыстыгүні құстарды тамақтандырыңдар» акциясын өткізу туралы
07-02-2018 17:51

            2018 жылғы 9 ақпанда сағат 14.00-де «Павлодар қаласының №13 жалпы орта білім беру мектебі» ММ (Ломов көшесі, 45/1) П. Васильев паркінде «Қыстыгүні құстарды тамақтандырыңдар» атты акциясы өткізіледі.

         Мақсаты - балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу; қала тұрғындарын қыстыгүні құстарға көмек көрсетуге шақыру.

         Акцияны өткізуде Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының өкілдері, Павлодар қаласының білім бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы мамандарының қатысуы жоспарлануда.

Акцияны өткізу бағдарламасында: ақпараттандыру, өлеңдер оқу, құстарға керекті жем-сауыттарды ілу, тұрғындарға ақпарат жазылған үнпарақтарын тарату.

Тел. 34-09-95, 87477028246

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі