Мектептердің жалпы білім беру мектептерінің шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдау, педагогикалық еңбегін ынталандыру мақсатында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен жыл сайын қашықтық «Интернет-фестиваль «Заманауи сабақ» сайысы өткізілді. Интернет-фестиваль сабақтарының сараптамасы № 7 ЖОМ өткізілді және конкурстың қорытындылары шығарылды.
40 жалпы білім беру мектептерінен 512 педагогтер сайысқа қатысуға өтінім берді. Конкурстық жұмыстары қазақ, орыс, шет тілдерінен және орыс әдебиетінен, математикадан, қоғамдық пәндерден, географиядан, биологиядан, химиядан, физикадан, информатикадан, бастауыш сыныптан, технологиядан, бейнелеу өнерінен, денешынықтырудан, бастауыш және әскери дайындықтан, өзін-өзі танудан, экономикадан, психологиядан, логопедиядан, робототехникадан ұсынылды.
Конкурсқа қатысушылардың саны жыл сайын өсіп келеді, жүлделердің және жеңімпаздардың жаңа есімдері анықталды. Алқалы сараптама комиссияның қорытынды нәтижелері бойынша 181 педагог жүлдегерлер мен жеңімпаздар болды.
І орын иегерлері № 13, 34, 42 ЖОМ география мұғалімдері С. Ю. Кадакова, Э. У. Мукарова, С. Б. Тулебаева, № 9, 35, 39 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері В. В. Черняева, Б. К. Махамбетова, М. Г. Идрисова, № 26 ЖОМ логопеді Ю. А. Пшенко, № 12, 26, Жетекші ЖОМ химия мұғалімдері Н. Шынык, Г. Н. Викулова, И. И. Сидоренко, № 26, 42 ЖОМ математика мұғалімдері А. Н. Хованова, И. Ж. Тургульдинова, № 39 ЖОМ робототехника мұғалімі А. М. Гурина, № 9, 13 ЖОМ физика мұғалімдері В. Г. Малыгина, Е. В. Лысенко, № 11 ЖОМ орыс тілі мұғалімі Т. В. Пирожкова, № 21 ЖОМ ағылшын тілінің мұғалімі Н. Т. Жумабаева, №16, 21 ЖОМ музыка мұғалімдері Н. Я. Бурлакова, Г. Т. Уалиева, № 12, 29 ЖОМ биология мұғалімдері М. К. Смагулова, Н. Г. Маркина, № 13, 26, 42 ЖОМ денешынықтыру мұғалімдері Д. А. Нургалиева, М. А. Драган, О. А. Цыбулько, № 13,14, 26, 34 ЖОМ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Л. А. Соц, Г. К. Киргеева, Ш. Т. Сачанова, Е. Н. Москаленко, № 24 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі Б. Ш. Наймантаева, № 16, 17, 21,33, 35, Кенжекөл ЖОМ тарих мұғалімдері О.С. Дубовицкий, А. Ф. Дацюк, Г. Б. Есмакаева, А. С. Ангоноева, К. Х. Жунуспаева, Г. К. Кульжанов болды.
Жүлделі орындарды ең көп № 13 (9 орын), № 34 (9), № 24 (8), № 25 (8), № 26 (8), № 11 (7), № 29 (7), № 42 (7), Жетекші (7) ЖОМ мұғалімдері алды.
Үздік жұмыстары Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жинағына енгізіледі. Жеңімпаздар және жүлдегерлер білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталады.