ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ҰБТ дайындық бойынша қалалық семинар
08-02-2018 19:29
ҰБТ дайындық бойынша қалалық семинар

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Достық» білім беру орталығы және Алматы қаласының «EduCon» компаниясымен бірігіп 2-күндік семинар өткізді. Мақсаты - ҰБТ жаңа форматының ерекшеліктерімен таныстыру, 10 - 11 сынып оқушыларына, олардың ата-аналарына, мектеп мұғалімдеріне ҰБТ-ға дайындық бойынша көмек көрсету.

№ 9, 19, 22, 25, 37, 39 мектептерінің 10 - 11 сынып оқушыларымен кездесуде «EduCon» компаниясының директоры Руслан Тоқтарбекұлы Емельбаев 2016 жылғы ҰБТ нәтижелерімен салыстырып жаңа форматтағы ҰБТ талдауын ұсынды, қорытынды аттестаттау және мамандық таңдау бойынша түсініктеме берді. Айдос Жұманазаров, қазақ тілі мен оқу сауаттылығы бойынша компанияның бас маманы, түліктерге қорытынды аттестаттау мен ҰБТ дайындық үшін уақытты қалай дұрыс және тиімді қолдануын түсіндірді.

№ 7 ЖОМ негізінде «Математикалық сауаттылық бойынша есеп шығару тәсілдері» математика пәні мұғалімдеріне, модератор Дамир Кожахметов, компанияның математика пәнінен бас маман, «Мәтіннің негізгі ойы мен мәтіннің тақырыбы» - Айдос Жұманазаров, компанияның қазақ тілі мен оқу сауаттылығы бойынша бас маманы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған шеберлік сағаттар өткізілді.

10 - 11 сынып оқушыларының ата-аналарына ұйымдастырылған кездесуде «EduCon» компаниясының өкілдері қорытынды аттестаттау, жаңа форматтағы ҰБТ, жоғары оқу орындар мен мамандықтар бойынша гранттарды тарату бойынша түсініктемелер берді, математикалық сауаттылықтан есеп шығару бойынша тренинг өткізді.

Семинарға барлық қала мектептерінің мұғалімдері қатысып, қосымша мәліметтерімен бірге оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезінде қолданатын материалдар алды. Семинар барлық қатысушылардың жоғары бағасын алды.