ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік тәрбиесі
09-02-2018 09:49
Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік тәрбиесі

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 2018 жылдың 29 қаңтар мен 2 ақпан  аралығында Бауыржан Момышұлы атындағы № 22 жалпы орта білім беру мектебінің «Сапалы білім, өнегелі тәрбие беру жолдары» тақырыбында апталық өтті.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру, сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту, жауапкершілікке, ұжымдылыққа тәрбиелеу, адамгершілік пен эстетикалық қатынасқа көңіл бөлу мақсаттарында жұмыстар атқарылды.«Жұлдызды сәт», «XXI ғасыр көшбасшысы», «Алтын сақа» интелектуалдық ойындары өтті.

Сонымен қатар «Алтын ұрпақ», «Аңшылық - ата кәсіп», «Рухани жаңғырудың жарқын жолы», «Білімді бала - ел ертеңі», «Аулақ бол жаман әдеттен», «Туған жер - туған тарих», «Жарқырай бер Астана» тәрбие сағаттары оқушылардың қызығушылығын және танымдылығын  арттырды.

30 қаңтарда 2-ші сынып оқушылары арасында «1000 бір мақал және 101 жұмбақ» сайысы өтті. Сайыста оқушылар мақал-мәтел, жұмбақтардың мән-мағынасын түсініп, жатқа айтуға дағдыланды.

Осы апталық барысында оқушылар сайыстарда өздерінің білімдерін көрсетті.Сонымен қатар аға буын өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, әр түрлі ұлттық ойындар (асық ату, арқан тарту, тоғыз құмалақ), спорттық сайыстар стол тенисі, мини-футбол ойындарына қатыстырылды.

Апталық қорытындысында қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды.