ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі жастан бастап спортпен шұғылданамыз
09-02-2018 15:20
Мектепке дейінгі жастан бастап спортпен шұғылданамыз

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар қаласының № 35 сәбилер бақшасында «Көңілдістарт» қалалық байқауының іріктеу туры өтті. Конкурсқа 14 мектепкедейінгі мекемеден 5 - 6 жастағы 112 балдырған қатысты.

Көңілді, әрі тартысты жарысқа, балалар қызығушылықпен қатысып, күш сынасты. Тәрбиеленушілер жүгіруден, кедергіден өтуден, асықты дәл себетке түсіру бойынша сайысқа түсті. Бұл жерде олар өздерінің шапшандылықтарын, ептіліктерін, мергендіктіктерін көрсете білді. Әр сайыс арасында № 35 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері би билеп, ән айтып өнерлерін пашетті.

Көрермендерге өнерін көрсеткендер арасында тәрбиешілер де бар, аталған іс-шараға арнайы «Гори, гори ясно» биін әзірлеген екен.

Сайыс нәтижесінде № 8, 24, 30, 35, 84, 96, 122 балабақшалары іріктеу кезеңнен өтіп, ширек финалға жолдама алды.

2018 жылдың 27-ші ақпан күні финал сайысы № 44 балабақшада өтеді.