ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қыстыгүні құстарды тамақтандырыңдар
09-02-2018 17:30
Қыстыгүні құстарды тамақтандырыңдар

2018 жылғы 9 ақпан күні Павлодар қаласының № 13 ЖОМ «Қыстыгүні құстарды тамақтандырыңдар» атты акциясы өткізілді. Мақсаты - балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу; қала тұрғындарын қыстыгүні құстарға көмек көрсетуге шақыру.

        Мектеп бойынша акцияға барлығы 500 оқушы қатысты. Сондай-ақ Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының өкілдері, Павлодар қаласының білім бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы мамандары   шақырылды.

Акция барысында оқушылар мен ата-аналар 61 жемсауыт және 23 құстар ұясын жасады Сол сияқты оқушылар қыстыгүні құстарды тамақтандырып отыру бойынша ақпарат алды. Мектеп оқушылары құстар туралы өлеңдер оқыды. Құстардың жемсауыттары Павел Васильев атындағы саябағына және мектеп ауласына ілінді. Акция соңында қала тұрғындарына флаерлік ақпараттар таратылды.