kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3090571
Бір айда209362
Бір аптада46876
Кеше6744
Тәулік557
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру
12-02-2018 15:08
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру

    PISA халықаралық зерттеуге оқушыларды дайындау шеңберінде Павлодар қаласының әдістемелік кабинетімен № 13 ЖОМ «Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру» семинар өткізілді. Зерттеуде жалпы білім беру мектептерінің 15-жастағы оқушылары қатысады. Білім беру жетістіктерді бағалау үшін негізгі бағыттары жаратылыстану-ғылыми, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы болады. Семинар мақсаты - PISA бағдарламаларының тапсырмаларын орындауға оқушыларды дайындау бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

       Семинарда 30-дан астам мұғалімдер қатысты. Семинар модераторы білім беру бөлімінің әдіскері Жанара Зейнулловна Геложутдинова және №13 ЖОМ-нің биология мұғалімі Камария Мутаповна Токпанова болды. Қатысушыларға жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы ұғымының мазмұнды аспектісі, осы бағыт бойынша халықаралық зерттеулер нәтижелерінің қорытындысы ұсынылды. Тыңдаушылар оқушыларда функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған белсенді оқытудың стратегияларымен және инновациялық аспектілермен танысты, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру үшін тапсырмалардың түрлері қарастырылды.

   Семинардың тәжірибиелі бөлімінде мәтіндердің, тапсырмалардың, олардың шешуінің тәжірибиелі талдауы бойынша топтарда жұмыс ұйымдастырылды.

   Семинардың қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар шығарылды, тәжірибиеде қолдану үшін семинар материалдары мектептерге жіберілді.