ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Ақын - халықтың жүрегінде» атты республикалық сайысының жеңімпазы
13-02-2018 11:12
«Ақын - халықтың жүрегінде» атты республикалық сайысының жеңімпазы

Павлодар қаласының № 41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-ші сынып оқушысы Сумина Милана Мұқағали Мақатаев шығармалары аясында «Ақын - халықтың жүрегінде» атты қашықтықта ұйымдастырылған республикалық сайысына қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша Милана Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп жатқа оқудаІ орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Сайысқа бейнежазба жіберілді. Милананы сайысқа дайындағаны үшін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жакупова Гульмира Хасеинқызы да дипломменмарапатталды.

Милана әртүрлі сайыстар мен олимпиадалардың жеңімпазы. Осы оқу жылында ол  1 - 7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Зерде» республикалық ғылыми жобада «Маралды - таңдаулы аймақ» атты жобасымен І орын иегері атанды. Ол М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайының «Блэйз» студиясында заманауи биімен айналысады. № 1 балалар көркем-өнер мектебінің оқушысы. Оған триатлонмен айналысу ерекше ұнайды.